From Wikipedia, the free encyclopedia
Возрождение аралы — Арал теңізінің батыс бөлігінде орналасқан. Оны орыс зерттеушісі А.Н. Бутаков 1848 ж. алғаш рет сипаттап жазған. Арал солтүтіктен оңтүстікке қарай 150 км-ге созылған, енді жері 60 км-ге жуық, абсолюттік биіктігі 93 метр.
Возрождение аралы орыс. Остров Возрождения, өзб. Vozrojdeniye oroli | |
Возрождение аралының ғарыштан көрінісі, 1994 жыл | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Тұрғындар (2018 жыл) | 0 адам |
Орналасуы | |
45°01′00″ с. е. 59°10′00″ ш. б.45.0167° с. е. 59.1667° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Елдер | Қазақстан Өзбекстан |
Возрождение аралы Ортаққорда |
Жер бедері, негізінен, тегістеу келген, аласа құм төбешіктер мен саяз ойыстар кездеседі. Аралда шөлейттік белдемге тән өсімдіктер өседі. Солтүстік-шығысында Возрождение, ортасында Қантүбек елді мекендері орналасқан. Бұрын толығымен Өзбекстан аумағында жатқан арал, теңіз суының тартылуына байланысты аумағы 3 – 4 есе ұлғайды, су астынан аралдың қазақстандық бөлігі пайда болды. Соңғы деректерге қарағанда арал оңтүстік жағалаумен жалғасып түбекке айналды. Возрождение аралында Кеңес үкіметі кезінде химиялық-бактериялық қарудың сынақ алаңы болған.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.